Оралда Мәдениет және ақпарат министрі студенттермен кездесті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед студенттермен және оқытушылармен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жастардың барлық қоғамдық-саяси оқиғалардың белсенді қатысушысы, сындарлы бастамалардың генераторы екенін атап өтті. Сондай-ақ БҚО-да «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Дипломмен – ауылға», «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламарының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндады. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед студенттерге қоғамдық-саяси тақырыпта кең ауқымды дәріс оқып, Елбасы Жолдауының тарихи маңыздылығын айқындап берді. 

«Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда аймақ әкімінің жемісті еңбегінің арқасында 282 млрд теңгеден астам түсім байқалады. Мұндай ақша бұрын біздің түсімізге де кірмейтін. Ал қазір бұл сома бір облыстың өзінде ғана. Өңір шекараға шектес болғандықтан, оның әлеуеті – бұл Ресейдің көрші облыстарының нарығы», - деп атап өтті М.Құл-Мұхаммед. 

Кездесу барысында білім және ғылым, еліміздің ғылыми саласын дамыту мәселелері талқыға салынды. Жиын соңында министр жастарға сәттілік пен шығармашылық табыстар тіледі. 

http://www.bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз