Оралда мүмкіндігі шектеулі жандар өнер көрсетіп, қайырымды адамдар марапатталды (ФОТО)

А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында кеше «Қайырымдылық - жылы жүректен» атты қорытынды гала-концерт қойылды.

БҚО жастар мәселелері басқармасының қолдауымен, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бастамасымен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шарада биылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында өткізілген «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығында белсенділік көрсеткен жандар мен мекеме-ұйымдар марапатталды. БҚО жастар мәселелері басқармасының басшысы Азамат Айтуев елімізде мүгедектерге, барлық мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету игі дәстүрге айналғанын атап өтіп,   «Ақбастау», «Қамқор» жастар қоғамдық бірлестіктері, «Жүректен жүрекке» Орал жастарының қоғамдық қоры, Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Орал» студенттер альянсы» корпоративтік қоры, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттар басшылары Жанна Құмарғалиева, Арыстанбек Ғұбашқа алғысхаттар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың маманы Ерген Ақмұрзиннің айтуынша, аталған концерт барысында Үндістанның «Фортис Мемориал Ресерч Институт» клиникасында ем алып жатқан 1996 жылы дүниеге келген туа бітті 2 топ мүгедегі Хайнуллаева Бегімай Ардаққызына БҚО жастар қоғамдық бірлестіктері атынан төрт кезеңнен тұратын ота жасату үшін қаржылай көмек көрсетілді. Бұл -  жастардың теңізге тамған тамшыдай болса да қосқан үлесі. Мейірбан жандар Бегімай Хайнуллаеваға алдағы уақытта да (есепшоты: ХАЛЫҚ БАНКІ KZ866010002006129692) көмек қолын соза алады.

Концертте мүмкіндігі шектеулі жас жеткіншектер өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернаты тәрбиеленушілерінің өз қолдарымен жасаған сән үлгілері де көрсетілді.

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз