Оралда өтетін Х Дельфий ойындарына 500-ден астам бала қатысады

Биыл Орал қаласында өтетін Х Жастардың ұлттық Дельфий ойындарына 500-ден астам бала қатысады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Ұлттық Дельфий комитеті» корпоративтік қорының атқарушы директоры Сажида Сайтбаева айтты.

«Х Жастардың ұлттық Дельфий ойындары 26-30 маусым аралығында Орал қаласында «мәдениет - достық шаңырағы» деген ұранмен өтеді. Биыл оған 500-ден астам бала қатысады деп жоспарлап отырмыз. Дельфий ойындарының жыл сайын Қазақстанның әртүрлі қалаларында өтетіні белгілі. Бұл классикалық, халықтық және заманауи жанрларды қосқанда, өнердің барлық түрін біріктіретін әлемдегі жалғыз жарыс», - деп атап өтті С.Сайтбаева.

Оның айтуынша, Қазақстандағы ұлттық Дельфий ойындарының негізгі мақсаты - дарынды жастарды іздеп табу және оларға қолдау көрсету, бүкіл әлемде етек жая бастаған Дельфий ойындары идеясын дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойына төзімділік пен өзге мәдениетке деген қызығушылықты сіңіру.

«Ойындар Қазақстанның түрлі қалаларында өткізіледі, бұл қатысушыларды барынша көп жинап, аймақтың мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Оралда өтетін оныншы мерейтойлық ойындар балалар мен жастар арасында екі жас санаты және 15 санат бойынша өтеді. Олардың арасында фортепиано мен скрипка, академиялық және халықтық ән айту, баян және аккордеон, халықтық құралдар, эстрадалық ән айту, көркемсөз, халықтық және заманауи билер, сурет өнері, халықтық көркемөнер кәсіптері, киім дизайны, сурет және журналистика бар», - деп атап өтті қордың атқарушы директоры.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз