Оралда салынып жатқан коттедждің төбесінен екі адам құлап, ауыр жарақат алды

Оралдағы Мұхит көшесіндегі  үйлердің ауласында салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйдің төбесінен екі ер адам құлап, ауыр жарақат алды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек қауіпсіздігін қадағалау және еңбек қорғау бөлімінің басшысы Ержан Зұлқашевтің айтуынша, 6 мамырда күн жаңбырлы болған. Сол күні үйдің төбесін жабу үшін жеке адамға жалданып, жұмыс жасап жүргендердің біреуінің аяғы тайып, екіншісі оған көмектесемін дегенде, бірінен соң бірі құлаған. Қазіргі кезде 1971 жылғы Тимур Қадуов облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде, ал 1974 жылғы Нұрым Айшықов хирургиялық бөлімшеде жатыр.

Осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізілуде.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз