Оралда әскери кеме теңізге жөнелтілмек

Оралда зымыран-артиллериялық кемені теңізге жөнелту жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz «Зенит» Орал зауыты» АҚ басшылығына сілтеме жасай отырып.

Қазіргі таңда дайындық жұмыстарына байланысты Жәңгір хан көшесінің бойындағы жол жабылды. Таңертеңнен бастап көлік жүргізушілері көлік кептелісінде тұруға мәжбүр болды.

«Кеме 3 жыл бойы салынды. Ол суға 7 мамыр күні таңғы сағат 10-да түсіріледі. Қазіргі таңда бұнда 100-ге жуық адам жұмыс істеуде. Кешке қарай Жәңгір хан көшесінің бойындағы қозғалыс қалпына келеді деп ойлаймыз», - деді «Зенит» Орал зауыты» АҚ бас технолог маманы Алексей Солодовников.

«Сарыарқа» аталатын әскери кеменің экипажы 23 адамнан тұрады.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз