Оралда тергеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

БҚО прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы Орал қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісіне қатысты ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тергеуші өз өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша мемлекет пайдасына тәркілеуге жатқызылған айыпталушының жылжымайтын мүлігін заңсыз иелік етуді ұйымдастырған. Соның салдарынан сот үкімінің мүлікті тәркілеу мен оны мемлекет меншігіне өткізуге қатысты бөлігін орындау мүмкін болмаған.

Қылмыстық іс облыс прокуратурасының бақылауына алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз