Оралда «Тіл мен тілші» байқауы қорытындыланды (ФОТО)

Орал қаласында Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында 10 желтоқсан күні дәстүрлі «Тіл мен тілші» байқауы қорытындыланып, жеңімпаз-жүлдегерлер марапатталды.

Қазақстан халқы тілдерінің ХV облыстық фестивалі аясында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, отаншылдықты насихаттау бағытында еліміздегі тілдер саясаты жөнінде қалам тербеп жүрген журналистерді қолдау мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасы жариялаған байқауға барлығы сегіз үміткерден 26 мақала түсті.

Қазылар алқасының төрағасы, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллиннің айтуынша, түскен жұмыстар жан-жақты сараланып, әділ бағаланды.

Байқау қорытындысында мемлекеттік тілдің қолданылуына қатысты қаладағы мекеме-ұйымдарға жүргізілген рейд қорытындылары нәтижесінде тұшымды мақалалар жазып жүрген Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің бөлім редакторы  Нұрлыбек Рахманов жеңімпаз атанып, бірінші орынды (400 мың теңге) иеленді. Осы газеттің тағы бір өкілі Гүлжамал Кенжеғалиева мен Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің журналисі Шынар Молданиязова - екінші (150 мың теңгеден), М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты Лаура Өтеғалиева, Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» мен Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің тілшілері Әділет Орынбасаров пен Арайлым Кесекова үшінші орынды (100 мың теңгеден) еншіледі.

Марапаттау рәсімінде сөз алған облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали жүлдегерлерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жолындағы қадамдарына сәттілік тіледі. «Жайық Пресс» ЖШС мәжіліс залында өткен басқосуда алдағы жылы байқаудың аясын кеңейте түсу туралы ұсыныс-пікірлер айтылды.

Тіл мен тілші 

Тіл мен тілші 

Тіл мен тілші 

Тіл мен тілші

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз