Оралда тоғыз жасар бала суға батып кетті

Оралда Жайық өзеніне тоғыз жасар бала суға кетті.

Облыстық суда құтқару қызметінің басшысы Бисенбай Жексеновтің айтуынша, баланың суға батып кеткенін қасындағылар айтпаған. Сол себепті туысқандары кеш білген. Баланың денесі тәулік жарымнан кейін, кеше судан шығарылды.

Қазіргі кезде күн ыстық, суға шомылушылар көп. Олар қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді, суға кез келген жерден түседі. Әсіресе, Жайық өзенінің ағысы қатты, қауіпті иірімдері баршылық. Осының алдында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында Жайық өзеніне 19 жасар жігіт батып кеткен еді. 

Биыл өңірде осымен 21 адам «тілсіз жаудың» құрбаны болып отыр.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз