Оралда трансформатор өртенді

Бүгін «Омега» зауыты аумағында трансформатор өртенді.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өрт туралы хабар сағат 01.19-да түскен де, 02.13-те сөндірілген. Оны ауыздықтауға қос өрт сөндіру машинасы қатысқан.

«Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ басқарма төрағасы - директоры Қуат Мусиннің айтуынша, подстансадағы трансформатордың біреуі жанған. Көп ұзамай-ақ жүктемелер басқа трансформаторларға ауыстырылып, электр қуаты қайта берілген.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталып, зақым келген трансформатор ретке келтірілуде.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз