Оралда тұңғыш рет жас әскери тілшілердің жиыны өткізілді

Оралдағы 5517-әскери бөлімнің базасында штаттан тыс әскери тілшілердің оқу-әдістемелік жиыны өткізілді.

Әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, капитан Серік Әлімбеков пен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы, майор Ерболат Сұлтановтың атап өткеніндей, әскери тілшілердің шеберлігін ұштау мақсатындағы аталмыш шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Нұсқаушылық-әдістемелік және практикалық дәрістен кейін жас әскери тілшілер «Жайық Пресс» ЖШС жұмысымен танысты. Онда серіктестіктің бас директоры Жантас Сафуллин, облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Ғұбайдуллин, Роза Сыйықова іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қаланың көрікті орындарына саяхат та жасалды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз