Оралда тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

8 мамыр күні таңертең Жымпиты көшесі 20/1 мекенжайындағы тұрғын үй өртенді.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өрт аумағы 50 шаршы метрді құраған. Өрт сөндіруге үш арнайы техника қатысып, ол бір сағаттай уақытта сөндірілген.

Оқиға орнынан 1926 жылғы әйелдің мүрдесі табылған.

Қазіргі кезде өрттің себеп-салдары анықталуда.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз