Оралда волейболдан жасөспірім қыздар арасында ел біріншілігі мәреге жетті

Орал қаласындағы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің залында 1998-1999, 2000-2001, 2002-2003 жылғы жасөспірім қыздар арасында волейболдан ҚР қысқы чемпионаты мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 1998-1999 жылғылар арасында Оралдың «Грация-KZ» командасы жеңімпаз атанса, қостанайлықтар мен ақтөбеліктер екінші-үшінші орынды бөлісті. 2000-2001 жылғылардан Солтүстік Қазақстан облысы волейболшылары жеңіс тұғырына көтерілсе, талдықорғандық «Жетісу» мен ақтөбелік команда қалған жүлделі орындарды иеленді. 2002-2003 жылғылар арасында да СҚО қыздары үздік атанса, ақтөбеліктер мен «Жетісу» командасы екінші-үшінші жүлдені еншіледі. 

волейболдан

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз