Оралда ЖҚЖК-2020 бағдарламасы аясында кітапханаға жөндеу жүргізілді

Оралда ЖҚЖК-2020 бағдарламасы аясында М.Горький атындағы қалалық кітапханаға жөндеу жүргізілді. Бұл туралы BNews.kzтілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

1938 жылы салынған ғимаратқа жөндеу жүргізу жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айында басталған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 114 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бірнеше миллион теңге қалалық бюджеттен қарастырылды.

«Кітапхананың қабырғасынан өзгесінің бәрі жаңартылды. Бұл кітапханаға ай сайын мыңға жуық оқырман келеді. Сондықтан оқырмандар үшін бұл айтулы оқиға»,- деді қала әкімі А.Көлгінов кітапхананың ашылу рәсімінде.

Кітап қоры 150 мыңнан асатын ұйымда Астана күніне орай бірнеше шаралар өткізу жоспарланған. Орал кітапханалар жүйесінің директоры Гүлайым Ақашеваның айтуынша бұл күндері кітап көрмесі, жергілікті суретшілердің вернисажы мен балаларға арналған ойындар өткізіледі. 

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз