Оралда жылу беру маусымы 1 мамырға дейін ұзартылуы мүмкін

Оралда жылу беру маусымын 2 аптаға ұзарту ұсынылды, деп хабарлады BNews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Бұл өткен жылдардағы күннің суықтығына байланысты, сол кезде коммуналдық қызметтерге көп сын айтылған болатын.

Оралда аяқталуға жақын қалған жылу беру маусымы қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланды. Уақытында қабылданған шаралардың арқасында жылу желілерінің көп бөлігін ауыстыруға мүмкіндік туды. Әдетте коммуналдық қызметтер жылу беруді 15 сәуірде тоқтатады. Бірақ бұл жолы жылу беру мерзімі ұзатылуы мүмкін.

Дегенмен аймақ басшылығы бұл мәселе бойынша асығыс шешімдер қабылдамауды сұрады.

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз