Оралда жылыжай кешені салынбақ

Оралда Курглоозерное кентінің маңында жылыжай кешенін салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінен мәлімдегендей, жылыжай кешені 15 га аумаққа созылған жер учаскесінде салынады. Қазір жылыжайдың өзіне, газ және электрмен қамтамасыз етуге, кірме автожолдарға ЖСҚ дайындалып жатыр. 

Сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралып жатыр. Қазір инженерлік желілерге жер учаскелерін таңдау актілері келісілуде.

Жобаның құны – 4,4 млрд теңге. Қаржыландырудың басы 2014 жылдың мамыр-шілдесіне жоспарланып отыр. 

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз