Оралдықтар қысты ән мен бимен шығарып салды (ВИДЕО)

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында бүгін қысты шығарып салуға арналған шаралар өткізілді.

Саябақта келушілерді үрмелі аспаптар оркестрі қарсы алса, кәсіпкерлер тәтті тамақтар әзірлеп, сатты. Түрлі көңілді ойындар ұйымдастырылып, ән шырқалып, би биленді. Әсіресе, балалар мұзтаудан сырғанап, шаңғы теуіп, бір жасап қалды.

Тұрғындарды мерекемен қала әкімі Алтай Көлгінов құттықтап, шаһарда сексеннен астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұратынын атап өтті.

Бұл күні Хан тоғайына да халық көп жиналды. Соңғы кезде мұнда шаңғы тебетін жолдар дұрысталып, мұзтаудан сырғанау, атпен серуендеу, шай, тамақ ішуге жағдай жасалған.

Масленица мейрамы осы апта басында басталған болатын. Мереке түрлі мекемелерде де ұйымдастырылды.

 

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз