Ойын алаңының құрылысы басталды

Зеленов ауданының орталығы Переметный ауылында балалар ойын алаңының құрылысы басталды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша іске асырылатын  нысан құрылысы 6,400 мың теңгені құрайды.

«BRAT-M» ЖШС-нің жауапкершілігімен бой көтеретін екі алаңның бірі сопақша, енді бірі дөңгелек пішінде болмақ. Әрқайсының көлемі 700 шаршы метрді (диаметр 7,5 м) құрайтын болады. Алаңдардың төменгі 70 см биіктігі арнайы материалмен, қалған 1,4 метр биіктігі тормен  қоршалып, баскетбол сақинасына арналған қалқандар мен доп тебетін қақпалар орнатылмақ. «Жасыл алаң» жасанды шөбі төселіп, төңірегі жарықтандырылатын болады.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз