Өз анасын соққыға жыққан бұзақы 45 тәулікке қамалды - БҚО

Бөрлі ауданында сот шешімімен өз анасына қол көтерген бұзақы 45 тәулікке қамауға алынды.

Бөрлі аудандық мамандандырылған әкімшілік сотынан түскен мәліметке қарағанда, тұрақты жұмысы да, өзінің жеке отбасы да жоқ 34 жастағы тұрғын ішімдік ішіп алып, анасын соққыға жыққан. Іс сотта қаралып жатқан кезде тіпті оның өз айыбын мойнына алуға да батылдығы жетпеді. Ал сот-медициналық сараптама жәбірленушінің денсаулығына әдейі жеңіл дәрежедегі зиян келтірілгендігіне көз жеткізіп отыр.

Сот құқық бұзушының әрекетін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 79-3-бабының 2-бөліміне сәйкес «Денсаулықтың қысқа уақыт бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соқандық» деп дәрежеледі.

Аталған адамның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы туралы хаттамаман, сот-медициналық қорытындымен және сот мәжілісінің барысында зеттелген басқа іс материалдарымен дәлелденіп отыр. Істің нақты жағдайын, айыпкердің жеке басын, жәбірленушінің пікірін ескере келіп, сот құқық бұзушыға 45 тәулік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны қолданды.

Аталған бұзақы бұған дейін де бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде биылғы ақпанда өз анасын ұрғаны үшін 15 тәулікке, мамыр айында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 4 тәулікке қамалған болатын.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз