Өз ұлын азғындық жолға итермелеген тұрғын сегіз жылға сотталды

Зеленов аудандық сотының үкімімен өз ұлын азғындық жолға итермелеген тұрғын жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге сегіз жылға сотталды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «әкесі» алты жасар ұлын өзімен бірге порнофильмдер қарауға мәжбүрлеп, кейін азғындық әрекеттер жасауға дейін барған.

Сот оны ҚР ҚК 124-бабы 3-бөлімі бойынша (жасы 14-ке толмаған жасөспірімге қатысты күш көрсетпей азғындық жасау) айыпты деп таныды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз