Өз әйелін өлтірген тұрғынға 9 жыл жаза кесілді

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз әйелін өлтірген деп айып тағылған Қаратөбе ауданының тұрғыны Б-ға қатысты үкім шығарды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ерлі-зайыптылар қырғиқабақтықтың кесірінен бірнеше ай бойы бөлек тұрған. Баласы әкесімен бірге болған. Биылғы ақпан айында сотталушы әйелінің өзі жоқта үйіне келіп, көршілеріне кеткенін білген. Сол бойда оның неге келгенін білмек болып, мас күйінде көршілеріне барады. Осы жерде олардың арасында ұрыс-керіс өршіп, Б. асүй пышағын алып, жұбайының бірнеше жерінен салады. Әйелі соның салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

Сот Б-ны ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімі бойынша айыпты деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп, әрі маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз