Пара алған «Ақсай» кеден бекетінің бұрынғы басшысына 55,5 млн. теңге айыппұл салынды - БҚО

Орал қалалық сотының үкімімен БҚО мемлекеттік кірістер департаменті «Ақсай» кеден бекетінің бұрынғы басшысы М.Сатаев ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде пара алу) бойынша айыпты деп танылып, оған жеке мүлкін тәркілеумен бірге параның алпыс еселенген мөлшерінде, яғни 55,5 млн. теңге айыппұл салынды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

М.Сатаев лауазымды тұлға бола тұра сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған. Атап айтқанда, тауарларға кедендік декларацияны кедергісіз рәсімдеу және жалпы «қамқоршылық» үшін 925 мың теңге пара алған.

М.Сатаев аталмыш айыппұлды үкім заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде төлеуге міндетті.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз