ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

Қазіргі таңда Ақжайық ауданындағы №2 қылмыстық-атқару инспекциясы есебінде бостандығы шектелген 8 сотталған және 11 шартты жазаға кесілген адам бар.

Жыл басынан бері бостандығы шектелгендердің арасынан 4-еуін сот жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатты, өйткені олар дұрыс жолға түскендерін тәртіптерімен, мінез-құлықтарымен дәлелдей алды.

Шартты жазаға кесілгендерге пробациялық бақылау орнатылып,  оларға тиісті жеке-жеке бағдарлама жасалып, барынша әлеуметтік-құқықтық көмектер беріліп келеді. Бүгінге 11 шартты сотталғанның арасынан 6-уы ауыл шаруашылық маусымдық жұмыстарына орналасты. Үшеуіне медициналық көмек беріліп келеді.

http://zhaikpress.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз