Ресей, Беларусь пен Қазақстан одақ нарығында әділ бәсекелестікті ынталандыруға ниетті

Ресей, Беларусь пен Қазақстан одақ нарығында әділ бәсекелестікті ынталандыруға ниетті. Бұл туралы ЕАЭО мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі барысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгін біз әріптестермен Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін инвестициялардың тауар ағымдарын ұлғайту, өнеркәсіптік және технологиялық кооперацияны кеңейту үшін қалай пайдалану керектігін мұқият талқыладық. Біз іскерлік ортаны жетілдіруге ерекше назар аудардық. Ресей, Беларусь пен Қазақстан одақ нарығында әділ бәсекелестікті ынталандыруға ниетті», - деді Владимир Путин.

Оның айтуынша, қатысушы елдер бизнесі мен тұтынушыларының мүдделері қорғалады.

 

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз