Ресейліктер бек риза

Ресей Федерациясы, Волгоград облысы бойынша «Роспотребнадзор» басқармасы бастығының орынбасары Т.П. Крючкова мен РФ Волгоград облысы бойынша «Роспотребнадзор» басқармасының Палласовка, Старополтавка аудандарындағы аумақтық бөлім бастығы А.В. Бескоровайнова ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агентігі БҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Жәнібек аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына жұмыс бабында арнайы іссапармен келді.

ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі БҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Жәнібек аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бастығы Нұрлыбек Ермекұлы Мұстаев ресейлік әріптестеріне ауданымыздағы болып жатқан игілікті істер жайын баяндап өтіп, жұқпалы аурулардың алдын алу, санитарлық жағдайды қалыпты ұстау мақсаттарында атқарылып жатырған жұмыстарды тілге тиек етті. Шекаралас жатқан екі ел арасында негізгі қызметтерін жандандыру, тәжірибе алмасу бағытында оздырылған дөңгелек үстел барысында өрбіген пікірсайыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Ресейлік қонақтар Жәнібек ауданы орталығындағы жаңадан бой көтеріп жатырған құрылыстар мен көше тазалығына таңданыстарын білдіріп, Қазақ еліндегі өркендеп даму жолындағы тың бастамалар үлгі аларлық екенін айтып, ыстық ықылас танытты. Олар Ресей мен Қазақстан елдерінің  тамыры тереңге жайған достық қарым-қатынастары алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз