«Русские бани» кешені отқа оранды

Төтеншелі қызметтердің мәлімдеуінше Зеленов ауданына қарасты құмды карьер аумағындағы ең бір беделді деген моншалардың бірі, наурыздың 14-і күні кешкі сағат 22-04те өртеніпті. Жалын 50 шаршы метрді шарпыған. Кешеннің №6 моншасы түгелдей өртеніп кеткен көрінеді. Бүгінде төтеншеліктер тілсіз жаудың келтірген шығыны мен кінәлі тұлғаларды анықтауда. 

Өкінішке орай «русские бани» кешенінің басшылығы, отқа оранған №6 -ы моншаны түсіруге рұқсат етпеді. Төтеншеліктер өрттің шығуына газбен жұмыс жасайтын пештің өрт қауіпсіздік ережесіне сай болмауы себепші болды деген тоқтамға келіп отыр. 

Жыл басталғалы тек қала аумағында 20 ға тарта монша өрті тіркелген. Тілсіз жаудың тегеурінінің артуына көбіне көп, жеке секторлардағы моншаның өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі түрткі болып отыр. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі болса жеке секторлардағы моншаға тексеріс жүргізу құзырымызға кірмейді дейді. Яғни құзырлы органдардың келісімнсіз монша салып, тасын өрге домалатып отырғандардың кәсібі заңсыз болып табылады. 

Бүгінгі таңда санитарлық тексерістер үнемі жүргізіліп отыратын заңды деген қоғамдық монша саны қаламызда 4-еу, оның бірі жұмыс істемейді. Сондай-ақ 20 сауна бар. Заңсыз болса да моншамен бірі күнін көріп отыр дегенмен мамандар, заңсыз жеке моншаларға бару қауіпті деп есептейді.

Бақылаушы органдардың кішігірім бизнесмендерді осы күнге дейін құрықтамай отырғаны түсініксіз. Дейтұрғанмен жеке секторларға тексеріс жүріп, монша заңсыз деп табылса 323 және 329 бап бойынша, әкімшілік хаттама толтырылады. Ал заң бұзушыларға 5 тен 20ға дейін айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынуы ықтимал. Я болмаса моншаны мүлде жаптыруы да ғажап емес.

 

ТДК-42
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз