Сессия жұмысына халық қалаулылары қатысты

Қаратөбе аудандық мәслихатының V шақырылымдағы кезектен тыс   XXIII сессиясына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Рашид Ахметов пен Ерболат Мұқаев қатысты.

Аудандық мәслихат депутаты Махуза Құрманғалиева жүргізіп отырған сессия барысында күн тәртібінде белгіленген мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Махсот Ермеғалидың және аудандық мәслихаттың  кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күшін жою туралы» аудандық мәслихаттың хатшысы  Батырғали Тойшыбаевтың  хабарламалары тыңдалып, бекітілді. 

Қоскөл ауылдық округінен аудандық мәслихат депутаты Забира Қодарова ауданға бөлінген қаражаттың арқасында жүзеге асырылып жатқан көгілдір отынмен және «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауыз сумен қамту, жол құрылысын аяқтау, Қаратөбе ауылының ішіндегі жолдарға асфальт төсеу  сияқты ауқымды жұмыстардың тұрғындарды қуантатын құптарлық іс екендігін атап айтты.  

Халық қалаулылары Р.Ахметов пен Е.Мұқаев елде атқарылып жатырған толайым істермен таныстырып, қаратөбеліктердің көкейінде жүрген ой-пікірлерін тыңдап, қойылған сауалдарға жауап берді. 

Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетов, Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқанов, аудандық мәслихат депутаты Есен  Ғұмаров, сала басшылары  Хасанғали Мырзагерей, Нұрбол Бозовтар өзекті ойларын ортаға салды.

Аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат хатшысы Батырғали Тойшыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев ауданды өркендету бағытындағы жоспарлы жұмыстардың іске асуына белсене  атсалысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Рашид Сайранұлы мен Ерболат Рахметұлына аудан тұрғындары атынан ризашылығын айтып, халық қалаулыларының ел игілігі үшін атқарып жүрген қызметтеріне сәттілік тіледі.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз