Шекарадан 15 тонна қара металл қалдығын және 3 тонна алюминийді алып өтпек болған - БҚО

Батыс Қазақстан облысында орналасқан 2029-әскери бөлім шекарашылары бірнеше контрабандалық жүктің жолын кесті.

Аталмыш әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы, подполковник Саят Шубаевтан түскен мәліметке қарағанда, «Шаған» шекаралық бақылау бөлімшесінде 1981 жылғы Қазақстан азаматы ұсталды, ол «КамАЗ» автокөлігімен Ресейге 210 мың рубльге бағаланған 15 тонна қара металл қалдығы және 3 тоннадай алюминийді алып өтпек болған.  Сондай-ақ «Сырым» шекаралық бақылау бөлімшесінде 1971 жылғы Беларусь азаматы «Мерседес Бенц» автокөлігімен тоқтатылды. Құжатқа сәйкес онда құны 25873 АҚШ долларына тең 12 тонна 740 кг халық тұтынатын тауарлар болуы керек еді. Алайда оның орнына 200 литрлік сегіз бөшке сұйық зат (болжамға қарағанда, спирт) алып келе жатқан болып шықты. Тексеру кезінде аталмыш көлік пен тиелген жүктің Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті қозғаған қылмыстық іске қатысы барлығы анықталды. Осыған қоса «Сырым» бекетінде «ЛАДА-21703» автокөлігімен Қазақстаннан Ресейге түйіншекке орап, алдын ала болжам бойынша 20 грамдай марихуананы алып өтпек болған қазақстандық азамат та алысқа ұзамады.

Қазіргі кезде бұл оқиғалардың мән-жайы анықталуда.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз