Шетелден тауар тасымалдағанда, кәсіпкерлер оның нақты бағасын көрсетуі тиіс - БҚО

Шетелден тауар тасымалдағанда, кәсіпкерлер оның нақты бағасын көрсетуі тиіс. Бұл туралы БҚО кәсіпкерлер палатасында өткізілген «Тауардың кедендік құны» атты дөңгелек үстел отырысында айтылды. 

Жиынды жүргізген палата директорының орынбасары Нұрлан Қайыршиннің атап өткеніндей, импортталатын тауардың құнын нақтылау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы бағытта тәжірибелік жұмыстар да жүргізілді. Ең бастысы, Кедендік одақ талаптары мен басқа да заңдылықтарды қатаң сақтау қажет.

Дөңгелек үстел отырысына қатысқан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрболат Абдулов бастаған мамандар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты ҚР Кедендік кодексіне енгізілген өзгерістер жөнінде де түсініктер берді. Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік кірістер бойынша басқармасының басшысы Сағида Шәкенованың сөзіне қарағанда, кәсіпкерлердің шетелден әкелген тауарларының бағасы салық төлеміне ықпал етеді. Сол себепті тауардың нақты бағасына қатысты анықтама болса, бұл өздері үшін де жақсы. Сонымен қатар өзге де тиісті құжаттар болуы керек. Кеденнен өтерде импорттық тауарлардың бағасын төмендетіп көрсету дағдысынан арылу қажет. 

Облыстық кәсіпкерлер палатасы сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің басшысы Эльмира Өтешованың айтуынша, кәсіпкерлер шетелдегі тауар беруші мекемемен келісімшарт жасаған кезде тауар бағасын нақтылайтын құжат алса, тіпті жақсы. Ресей аумағында кедендік талаптардың қатайып кетуіне байланысты қазақстандық кәсіпкерлердің сол елден кедергісіз өтуі үшін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысына байланысты ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кеден одағы заңнамасын бұзбайтын адал кәсіпкерлер мен тауар тасымалдаушылардың тізімін Ресейдегі өткізу бекеттеріне жіберген. Бұл олардың Ресей бекетінен өтуін жеңілдететіні анық.

Жиын барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан берілген сауалдарға жауаптар қайтарылды.

null

 null

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз