ШҰҒЫЛ: Оралда құрылыс заттарын сататын дүкен өртенді

Орал қаласында  құрылыс материалдарын сататын «СтройЦентр»  дүкені өртенді, деп хабарлайды ҚР ТМЖ-нің баспасөз қызметінен.

Аталмыш дүкен тоғыз қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Ғимараттың қосалқы бөлмесіндегі жиһаз өртеніп,  50 шаршы метр аумақ отқа оранды.  Өрт сөндіруге облыстық ТЖД-ның 40 қызметкері мен 12 техникасы жұмылдырылды.

«Өрт кезінде 57 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның екеуі кішкентай бала. Зардап шеккендер жоқ» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз