Әскерге шақырылған жігіттерде құлшыныс төмен

Зеленов аудандық қорғаныс істері бөлімі көктемгі әскерге шақыру науқанын атқаруда.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының мәліметінше, 1987-1996 жылдары туылған жастарды әскер қатарына шақыру, денсаулығын тексеруден өткізу жұмыстары ағымдағы жылдың 17 наурызынан басталған.

Бұл маңызды науқанды ұйымдастыруда жыл сайын қайталанатын кедергілер бар. Ол - шақырылған жігіттерді медициналық тексеруге жеткізу жайы. Округ әкімдіктері арнайы көлік пен жанармайдың бөлінбеуі салдарынан оларды уақтылы жеткізе алмайды. Ауыл әкімі мен учаскелік инспектор өзара тығыз жұмыстанбаған соң, шақыртылған жігіттердің көбі келмеуде. Шақырту парақшасын жеткізу, үйде болмаған жағдайда оны дереу құлақтандыру немесе келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда тиісті анықтамалық құжаттарын жеткізу шаралары жасалмай, бір қоңырау шалумен шектелген жайттар анықталып отыр.   

Соңғы мәлімет бойынша, тексеруге шақыртылған 1295 жігіттің 382-сі ғана төбе көрсеткен.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз