Социалистік Еңбек Ері, майдангер Қ.Серғалиев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды - БҚО

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Теректі ауданы Аңқаты ауылында Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Қабекес Серғалиев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Салтанатты рәсімде Аңқаты ауылдық округінің әкімі Болат Қадыралиевтің мәлім еткеніндей. Қ.Серғалиев 1917 жылы Жаңақала ауданында дүниеге келді. 1933-1935 жылдары Чапаев ауданына қарасты «Жасталап» колхозында еңбек еткен ол 1936 жылдан «Аңқаты» асыл тұқымды мал зауытында жұмысшы болды. 1941 жылдың тамыз айында майданға аттанған Қабекес Серғалиев жеңіспен елге оралғаннан кейін Аңқатыда аға малшы ретінде осы шаруашылықтың өркендеуіне сүбелі үлес қосты. 1966 жылы малшы ретіндегі жоғары жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Жиында сондай-ақ Теректі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, аудандық мәслихат депутаты Мағауия Зайнуллин және басқалары Қ.Серғалиевтің есімі ел жадында екендігін атап өтті.

Майдангердің жары, тоқсан жастағы Мақпал Серғалиеваның айтуынша, олар отбасын құрғаннан алты айдан кейін Қабекес соғысқа аттанған. Жұмысына адал, өте еңбекқор жан еді. Сол еңбегі лайықты бағаланды. Ері екеуі төрт ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Қазір осылардан өрбіген 19 немере, 28 шөбере бар. 
Социалистік Еңбек Ері, майдангер Қ.Серғалиев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды - БҚО Социалистік Еңбек Ері, майдангер Қ.Серғалиев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды - БҚО  

http://inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз