Сот қаржы полициясы тергеушісінің іс-әрекетін заңсыз деп тапты - БҚО

БҚО соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы шенеуніктің кінәсінен сергелдеңге түскен кәсіпкердің шағымын қарады.

БҚО сотының баспасөз хатшысы Гүлмира Кенжеғалиеваның хабарлағанындай, бұдан төрт жыл бұрын жеке кәсіпкер бұралқы иттерді аулауға арналған тендерді ұтып алады. Алайда кейін Орал қалалық малдәрігерлік бөлімінің бастығы басқа біреудің пайдасына шешу үшін аталған кәсіпкерден мемлекеттік сатып алудан бас тартуды талап етеді. Кәсіпкер қаржы полициясына шағымданып, шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалады. Бірақ прокуратура қылмыстық іс құрамы жоқ деген желеумен істі қысқартады. Кәсіпкер Бас прокуратураға шағымданып, ол Орал қаласы прокуратурасының шешімінің күшін жойып, істі қайтадан тергеуге қаржы полициясына жібереді. Қаржы полициясының тергеушісі қылмыстық істі әлгіндей себеппен тағы да қысқартады. Бірінші сатыдағы сот та бизнесменнің шағымын аяқсыз қалдырды. Дегенмен мәселеге жауаптырақ қараған БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қаржы полициясы тергеушісінің Орал қалалық малдәрігерлік бөлімі бастығына қатысты қылмыстық істі қысқарту жөніндегі іс-әрекетін заңсыз деп тауып, күшін жойды.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз