«Союз ТМА-10М» зымыранымен үш ғарышкер жерге оралды

11 наурызда, бүгін таңертең «Союз ТМА-10М» ғарыш зымыранының капсуласы Қазақстанға қонды, деп хабарлайды ресейлік Lenta.ru.

Ғарыш кемесінің бортында ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский, сонымен бірге америкалық астронавт Майкл Хопкинс болды. Ал ХҒС –дағы жұмысты ғарышкер Михаил Тюрин, америкалық астронавт Ричард Мастраккио мен жапондық маман Коичи Ваката жалғастырады.

«Союза ТМА-10М» аппараты сағат 7:24-те Жезқазғанның оңтүстік шығысында 150 шақырым жерге қонды. Аппараттың жерге оралуы 12 наурызға жоспарланғанымен ол сейсенбіге ауыстырылды, өйткені қонатын аумақтағы қардың көптігі оған кедергі болды.

Котов пен Рязанский Сочи олимпиадасы кезінде ашық ғарыш кеңістігіне олимпиада шырағын алып шыққан болатын. Олар ресейлік скафандрмен ашық ғарышқа шығып рекорд орнатты, бұл 8 сағат 10 минут.

«Союз ТМА-10М» зымыраны 2013 жылдың қыркүйек айының соңында Хопкинс, Котов және Рязанскийді бортына алып,  Халықаралық ғарыш стансасына жеткізген болатын.

http://www.bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз