С.Волгин «Ақжайық» командасының бас бапкері ретінде жұмысқа кірісті

Белгілі футболшы, бапкер Сергей Волгин бірінші лигада өнер көрсететін «Ақжайық» футбол командасының бас бапкері болып жұмысқа кірісті.

«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, кеше жаттықтырушымен келісімшартқа қол қойылды. Сергей Волгиннің кезінде Алматының «Қайраты» құрамында ойнағаны белгілі. Бапкер ретінде 2009 жылы «Қайратты», өткен жылы Қызылорданың «Қайсарын» премьер-лигаға алып шыққан болатын.

Жоғары лигаға қайта оралу міндеті қойылып отырған «Ақжайықтың» қазіргі жағдайы мәз емес, небәрі 12 ұпаймен сегізінші орында тұр. Маусым басында бас бапкер Бауыржан Баймұхамедов науқастанып қалғандықтан, жаттықтырушылық міндетін Артур Авакянц атқарып келген еді. «Ақжайық» өткен турда көш соңындағы Астананың «Бәйтерегінен» өз алаңында 0:3 есебімен ойсырай жеңіліп, масқара болды. Батысқазақстандықтар келесі кездесуін 7 маусым күні Ақтауда турнир кестесінде бірінші орында келе жатқан «Каспиймен» өткізеді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз