СЫРЫМДАҒЫ «МАУСЫМАШАР-2014»

Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында «Сырым жастары» ЖҚБ және «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалы «Сырым» жайдарман лигасының «Маусымашар-2014» фестивалін ұйымдастырды. Қазақстан КВН Одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Ақжайық» КВН Лигасының қолдауымен өткен айтулы шара «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерейтойына орайластырылды. 

Биылғы «Маусымашар-2014» фестиваліне барлығы 10 жайдарман тобы қатысты. Атап айтсақ, «Қоңыр қырандары», «Күлкі сыйлар», «Ақырап 25», «Асықпай қараймыз!» секілді өткен жылы өзіндік ойын үлгілерін қалыптастырып үлгерген командалар мен «Жырақұдықтың жайдарлы жігіттері», «Сары бүркіт», «Сырым серілері», «Әзіл планетасы», «Қадыр Мырзалиев жастары», «Тоғанас құрамасы» секілді тұсауын кескен топтар бар. Барлық редакторлық жұмыстар мен қорытынды кешкілік бағдарламаны республикалық «Жайдарман» ойындарының премьер-лигасының мүшелері «Есте қалар» Сырым ауданының құрамасы өткізді.

Шара соңында «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Исанов, «Сырым жастары» ЖҚБ төрағасы, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.Тайшиев маусымның партияның мерейтойымен сабақтастаса басталуына байланысты жастарға құттықтау лебіздерін білдірді. 

Айта кетерлік қуанышты жайт, осы күні «Сырым жастары» ЖҚБ және «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалы жанындағы «Сырым» жайдарман лигасына облыстың ауыл-аймақтарында жайдарман ойындарын дамытуға үлес қосқаны үшін БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қазақстан КВН Одағы БҚО филиалы «Ақжайық» КВН Лигасының тарапынан берілген «Ең үздік филиал» аталымы табысталды.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз