Табиғат сақшылары үшін тағатсыз тыныс

Ақжайық ауданындағы Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Чапаев – Жаңақала жолы бойындағы 20 гектардан астам жерге қарағаш, жиде, қарақарақат егуде.

Тұқымбақтан алынған көшеттердің сапасы ойдағыдай. Табиғат қорғаушылар сондай-ақ Чапаев – Жалпақтал жолы бойындағы жасыл желекті толықтырумен айналысуда. Осы шаралар келер аптада тәмамдалған соң, Орал – Атырау жолы бойында 4,5 гектар жерге көшеттер отырғызылады.

Мекеме ұжымы аудан орталығындағы «Табиғат әлемі» саябағында бүгінге дейін 100 түп терек екті.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз

Похожие новости