Тағдыр сынағын арқалаған аналарды Ақжайық аудан әкімінің орынбасары қабылдады

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова ауылдық округтердегі мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен мүгедек балалардың аналарын қабылдап, оларды мерекемен құттықтады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлықты ерекше назарда ұстап отырғанын баса айтқан ол аудан әкімі Нариман Төреғалиевтің сәлемін жеткізіп, сый-сияпат жасады, тәттілеп шай ұсынды.

Шарада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Талғат Қайрекеев, орталық аурухананың директоры Дархан Хайрушев, мүгедектер қоғамы аудандық филиалының төрағасы Мұрат Сәрсенов, аудандық «Шуақ» әйелдер қоғамы бірлестігінің төрайымы Мәншүк Мәмбешовалар мерекелік лебіздерін білдіріп, әйел-анаға шынайы қамқорлық қай кезде де олқы соқпайтынын жеткізді. Олар өз салалары бойынша болашақта көмекке мұқтаж жандарға қолдау бола беретінін жеткізді.

Мерекелік кездесуде сөз алған Ж.Ерментаева (Жайық ауылы), Қ.Абдошева (Ақжол), С.Айтқалиева (Есенсай), С.Смадиярова (Тайпақ), З.Қоңыратбаева (Чапаев), т.б. өздерінің осы қабылдауға шексіз алғыстарын жеткізді.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз