Тасқала ауданында тағы бір адам суға кетті - БҚО

Кеше Тасқала ауданы Мерей ауылдық округіне қарасты Аққайнар елді мекенінде қайғылы оқиға орын алды.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жедел кезекшісі Нұржан Мағзомовтың айтуынша, 1987 жылғы Руслан Рахматуллин сағат 11.30-да ауыл жанындағы кішкентай бөгетке түсіп, аяқ-қолы құрысып қалғандықтан, судан шықпай қалған. Жағадан киімдерін тауып алған тұрғындар тиісті орындарға хабар берген.

Сол күні Орал қаласынан суда құтқару қызметінің мамандары (4 адам, 1 техника) келіп, марқұмның денесін судан шығарды.

Айта кетейік, осымен биыл Тасқала ауданында үшінші, облыста сегізінші адам суға кетіп отыр.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз