ТАСҚАЛАДА МЕГАЖОБА ЖАЛҒАСУДА

Өткен аптада Ақтау ауылдық округінде өткен «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы осы аптада Оян ауылына жетті. Ауылдың еңкейген кәрісінен бастап еңбектеген баласына дейін Мәдениет үйіне жиналып, ақтаулықтарды құшақ жая қарсы алды.

Ақтан дәм татқан көршілер ауылдың кітапханасына жиналып, дөңгелек үстел басында «Тұрақтылықтың басты кепілі - татулық пен келісім» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Шараға қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Дүйсенова сөз сөйлеп, еліміздің тыныштығы мен ауызбіршілігі, ұлттар арасындағы достық пен татулықты тілге тиек етті.

Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындарға ақтаулық көркемөнерпаздар мерекелік концерт ұсынды. Көрме ұйымдастырылып, әр ұлттың дастарханы әзірленді. Мектептің спорт залында теннистен жолдастық кездесу өтті. Шара соңында эстафеталық альбомды ақтаулықтардан қабылдап алған Қосшы ауылдық округінің әкімі Гүлжан Мұхамбетқалиева  сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғыс білдірді.

Енді наурыз айының 28-ші жұлдызында ояндықтар эстафетаны көршілес Мерей ауылына табыстайтын болады.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз