Тасқалада тәрбиешілер сынға түсті

Тасқала аудандық «Ақбөпе» балабақшасында  тәрбиешілер арасында  аудандық «Үздік педагог» байқауы өтті.

Сайыс тәрбиешілер өзін-өзі таныстырып, шығармашылық қоржындары портфолио қорғады. Сонымен бірге, сән үлгісін көрсетіп, сұрақ-жауап алмасты. Олардың сөйлеу мәнері мен мәдениеті сарапқа салынып, тапқырлығы бағаланды.

Байқау нәтижесінде әріптестерінен оқ бойы озып шыққан А.Ідірісова жеңімпаз атанды. Сондай-ақ А.Хожина мен Л.Нсанова да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Педагогтардың шығармашылық ізденістерін шыңдай түсетін, мұндай байқаулардың  тәрбиешілерге берері мол десті қатысушылар.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз