Теміртаудан келген «сәлемдеменің» иесі 12 жылға сотталды - БҚО

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Олег Максимов ҚР ҚК 259-бабы 3-бөлігі «в» тармағымен айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ерекше тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге сотталды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласының тұрғыны О.Максимов ірі мөлшердегі есірткі затын заңсыз иемдену, тасымалдау, сақтау және сату мақсатында Қарағанды облысындағы Теміртау қаласына жол тартады. Онда танысымен кездесіп, одан аса ірі мөлшердегі 717,53 грамм героин сатып алады. 

Содан кейін ол есірткі затын «Қазпошта» АҚ бөлімшесі арқылы Орал қаласына өз атына жібереді. Оралға қайтып оралған соң өз атына келген «сәлемдемені» «Қазпошта» АҚ бөлімшесінен алып, автотұраққа шыға бергенде ұсталған.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз