«Теңізшевройл» компаниясының өкілдері оралдық кәсіпорындардың мүмкіндіктерімен танысты

«Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры Тимоти Миллер бастаған компания өкілдері жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келіп, оралдық кәсіпорындардың мүмкіндіктерімен танысты.

Алдымен делегацияны облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қабылдап, елімізде, сондай-ақ өңірде инновациялық-индустриялық даму бағдарламасы барысында    атқарылып жатқан сан алуан жұмыстардың барысы туралы әңгімеледі. Соның ішінде шетелдік компанияларда қазақстандық үлесті арттыру мәселесі сөз болды. Оралдық ірі кәсіпорындардың мұнай-газ саласындағы компанияларға сервистік қызмет көрсету, отандық өнімдерін өткізуге дайын екендігі айтылды.

Кездесуде Тимоти Миллер облысқа сапарының мақсаты туралы әңгімелеп, Орал қаласындағы зауыттар, ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатуға әзір екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, компания сервистік қызмет көрсету және қажетті өнімдерді қазақстандық тауар  өндірушілерден алу, соның ішінде Орал қаласындағы ірі зауыттардан сатып алу үшін қыруар қаржы қарастырып отыр. Айталық, компания қазақстандық кәсіпорындардың қызметтер мен тауарлар алуына өткен жылы 2,3 млрд. АҚШ долларын жұмсаса, биыл бұл үлес көлемі одан аспаса, кем болмайды.  Осыған орай компания өкілдері Оралдағы бірнеше ірі  өндіріс ошақтарында болып, өзара тиімді ынтымақтастық жолдарын талқылады.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз