Тіркелмеген діни ұйым мүшелеріне айыппұл салынды

Тасқала аудандық соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 374-1-бабы 2-бөлігі бойынша бес адамның ісін қарады.

Аудандық соттың жетекші маманы Ирина Ермакованың айтуынша, аталған адамдар Қазақстанда ресми тіркелмеген «Евангелие Христиан Баптистері» діни ұйымының мүшесі ретінде жексенбілік дұға етуге және діни әндер айтуға қатысқан.  Сот отырысында олар айыбын мойындамаса да, діни бірлестік мүшелері екендіктерін жасырмады. Қазақстанда діни бірлестікке қатысуға тыйым салынбайды, алайда ол міндетті түрде тіркелуі тиіс. Сол себепті діни бірлестік мүшелерінің әрқайсысына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.  

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз