Төрт жылқыны өрістен атып алып кеткен барымташыны қамау мерзімі ұзартылды

Ақжайық аудандық №2 сотының қаулысымен төрт бірдей жылқыны өрістен атып алып кетті деп айып тағылған Сырым ауданының 43 жасар тұрғынын қамау мерзімі ұзартылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мал иесіне 1,2 млн. теңге көлемінде шығын келтірілген.

Айыпталушының үстінен ҚР ҚК 175-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында оның Сырым ауданы аумағындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып, мұның бәрін екі ай мерзімде тергеп бітіру мүмкін болмаған. Сол себепті тергеу органдарының өтінімі бойынша қамау мерзімі үш айға созылды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз