Тойота Қазақстанда көліктердің толық циклды құрылысын жүргізуді жоспарлауда

Тойота қазақстандық әріптестерімен бірге толық циклды көлік құрылысын жүргізуді жоспарлауда.

Бұл туралы бүгін Астанада Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-отырысында ToyotaIsushoCorporation компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Такуя Игихаши мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бұның алдында тойота көліктері бөлшек-бөлшегімен Жапониядан импортталып, осында жиналған.

«Өз кезегінде біздің әріптестер, соның ішінде «Сарыарқа Автопром» осы елде көлікті жинаудың толық циклды үдерісін енгізуді ойластырып жатыр. Біз Қазақстанда дәнекерлеу, бояу, жабынды төсеу және басқа да жұмыстарды атқара аламыз. Яғни көптеген процестер осында жасалады», - деп атап өтті ол.

Тойота өкілдігінің басшысының сөзіне қарағанда, жоба қыруар инвестицияларды талап етеді, көптеген жұмыс күші қажет болады.

«Қазақстанның көлік өнеркәсібін дамытуға аталмыш өндірістің маңыздылығы жоғары. Қазақстан бұл жобаны қолдауға үлкен мүмкіндіктерге ие. Шынына келсек, бұл елде өздерінің көліктері мен технологиялары бар, сонымен қатар кәсіби инженерлер де жетерлік», - деді Такуя Игихаши.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз