Түріктер Батыс Қазақстанда индустриялық аймақ салуға ниеттеніп отыр

Түркиядан «Искобир» индустриялық аймағы директорлар кеңесінің төрағасы Юсуф Ақкүн Батыс Қазақстан облысына келіп, өңір басшылығымен бірге индустриялық аймақ құру мүмкіндіктерін қарастыруда.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Түркия елінде индустриялық аймақ құру жөнінен бай тәжірибе жинақталған. Мәселен, Иккетели ауданындағы индустриялық аймақтың өзінде 300 мыңдай адам еңбек етеді. Ал Эфиопия еліндегі осындай аймақ 1 миллион адамға есептелген.

Ю.Ақкүн мен БҚО әкімінің орынбасары Марат Кәрімов құрылысқа қолайлы орынды қарастыруда. М.Кәрімовтің айтуынша, әлемде мұндай индустриялық аймақта түймеден бастап автокөлік қосалқы бөлшектеріне дейін халық тұтынатын тауарлардың барлығы шығарылады. Оған инвесторлар да келіп, жұмыс жасайтын болады.

Тараптар келіскен жағдайда индустриялық аймақ құрылысы келесі жылы-ақ басталатын болады.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз