Түркиядағы президент сайлауында Ердоған жеңіске жетті

Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған ел тарихында алғаш рет өткен президенттік сайлауда жеңіп шықты деп хабарлайды Reuters. Ол 51,8 пайыз дауыс жинап, басты қарсыласы Экмеледдин Ихсаноғлыны артта қалдырды. Осылайша Ердоған Түркия тарихындағы халық сайлаған алғашқы президент атанып отыр. Бұған дейін мемлекет басшысын парламент таңдайтын. 

Түркияның орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 99 пайызы саналып біткендігін және оның нәтижесі бойынша Ердоған айқын басымдықпен көш бастағанын растады. Ал, ресми мәлімет бүгін 11 тамызда жарияланады.

Ал, Ердоғанның өзі болса Стамбулда өз жақтастарымен кездесу барысында халықтың өз таңдауын жасағанын айтты.

CNN Turk телеарнасының хабарлауынша, 38,5 пайыз дауыс жинаған Экмеледдин Ихсаноғлы сайлауда жеңіске жеткен Ердоғанды телефон арқылы құттықтады. Аталған науқанға күрділердің атынан түсіп, небәрі 9,7 пайыз дауысын жинаған Селахеттин Демирташ болса өз жақтастарының ұстанымдарын одан әрі қорғайтынын мәлімдеп отыр.


Айта кетейік, егер Ердоғанның жеңіске жеткені ресми түрде жарияланса оны ұлықтау рәсімі 28 тамызда өтеді.

Реджеп Тайып Ердоған 2003 жылдан бері Түркияның премьер-министр қызметін атқарып келеді. 1994-1998 жылдары ол Стамбул мэрі болған. 

http://baq.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз