Ұлттық ойын ұлықталды

Жаңақала ауданындағы Карманов жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасында «Асық ату» ұлттық ойынынан 5-10 сынып ұл балалары  арасында мектепішілік  жарыс өтті.

Екі кезеңнен тұрған ойынның бірінші турынан өткендер финалға жолдама алды. Финалда «құралайды көзге атқан» мергендер арасынан 6 сынып оқушысы Ермекқалиев Өмірбек дараланып, «хан» атағына ие болса, оған аз ғана ұпайы жетпеген Гайнуллин Дәулет «уәзір», үшінші орынға тұрақтаған 10 сынып оқушысы Сағынгереев Ақберен «бас батыр» атағын иеленді. Жеңімпаздардың барлығы да арнайы диплом мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Жарыс барысында «әттеген-айлар» да кездесті. Кейбір оқушылар жарысқа сақасыз қатысса, қайсыбіреулері асық ату мәнісін білмеді. Сондықтан ұйымдастырушылар ұлттық ойынды кеңінен ұлықтап, аудандық көлемде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз