Ұлттық ұлан сардары егде адамды өрттен құтқарды

Жуырда Орал қаласындағы Құрманғазы көшесіндегі бес қабатты үйде өрт оқиғасы орын алған болатын.

ҚР ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, әскери полиция бөлімінің сардары, майор Салауат Қабдықұлов бесінші қабаттағы пәтерден от жалындап шығып жатқанын көріп, бірден көмекке ұмтылады. Жолшыбай кездескен әйелден пәтер иесінің өрт құшағында қалғанын біліп, қатты түтін, ыстық жалынға қарамастан, қойып кетеді. Жанып жатқан пәтерден адамды алып шығады. Осы кезде оқиға орнына полиция және төтенше жағдай қызметкерлері де келіп жеткен еді.

Өрттен зардап шегіп, газдан уланған 1937 жылғы ер адам ауруханаға жатқызылды. Оның туысқандары құтқарушыға алғыстарын айтуда.

Майор, 37 жастағы Салауат Қабдықұловтың жоғары заңгерлік білімі бар, әскерде 2009 жылдан қызмет етеді. Өрт кезінде батылдық танытқан сардар наградаға ұсынылды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз