Ұлы Жеңіске 70 жыл: БҚО-да «70 жылдыққа - 70 ізгілікті іс» шарасы басталды (ФОТО)

Батыс Қазақстан облысында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «70 жылдыққа - 70 ізгілікті іс» атты шара басталды.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың айтуынша, шаралар барысында ең алдымен майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне, ардагерлерге құрмет көрсетілмек. Мұны облыстың мәдени өміріне серпін беретін жоба деуге болады. Шаралар әр жерде ұйымдастырылып, шашыраңқы болмас үшін ортақ мақсат жолында топтастырылып, бір жерден бағыт берілмекші. Соның ішінде кейінгі ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге бағышталған, ең ірі деген жетпіс шараға  баса назар аударылмақ. Бұл ретте ел ішінде жүрген өнер саласының майталмандары да ескерусіз қалмайды. Әрине, Ұлы Жеңіске арналған түрлі кештер мұнымен шектелмейді.

«70 жылдыққа - 70 ізгілікті іс» атты шара Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда өткен Ақжайық ауданында тұратын ардагер әнші, әуесқой сазгер Еділбай Меңдешовтің «Асқақтай бер, Оралым» атты концертімен басталды. Ұстаздық етумен бірге ән шығарумен айналысып, жетпіс бестің биігіне шыққан оның 150-ден астам шығармасы бар. Автор соның ішінде жергілікті ақындардың сөздеріне де көптеген ән жазды.

Бұл - сазгердің облыс орталығындағы алғашқы кеші. Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жұмағаным Рахимова және басқа белгілі өнерпаздар оның таңдаулы әндерін орындады. Е.Меңдешовтің кеші Ақ Жайық жұртшылығына жағымды әсер қалдырды.

1 

3 

4 

5 

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз